26
май
2026
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық емтихан өткізілуде
Лицейімізде негізгі орта білім беру деңгейіндегі 5–8-сынып және жалпы орта білім беру деңгейіндегі 10-сынып оқушылары арасында «Қазақ тілі» пәні бойынша емтихан оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау мақсатында өткізілуде. Емтихан білім алушылардың тілдік сауаттылығын, жазбаша жұмыс орындау дағдыларын және пән бойынша игерген білім деңгейін анықтауға бағытталған. Бақылау жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, жазбаша нысанда жүргізілуде.
Аталған емтихан нәтижелері білім сапасын саралауға, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға және алдағы оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді.