Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кемел келешекке қадам: №178 мамандандырылған лицейінде соңғы қоңырау сыңғырлады!
25
май
2026

Кемел келешекке қадам: №178 мамандандырылған лицейінде соңғы қоңырау сыңғырлады!

Кемел келешекке қадам: №178 мамандандырылған лицейінде соңғы қоңырау соғылды! 
Бүгін мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім — Отаныма!» атты салтанатты жиын  өтті. Білім ордасымен қимай қоштасқан жас түлектер үшін бұл күн — үлкен өмірге бастар ақ жолдың басы. Салтанатты іс-шараға арнайы қатысқан Алатау ауданының әкімі Қырықбаев Данияр Батанұлы түлектерімізді құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әкім өз сөзінде жастардың ел болашағы екенін атап өтіп, олардың Отан игілігі үшін аянбай еңбек ететініне сенім білдірді. Биылғы оқу жылында лицейімізден 200 түлек қанат қақты. Соның ішінде мақтаныштарымыз өте көп:
9 оқушы — «Алтын белгі» үміткері;
19 оқушы — «Үздік аттестат» үміткері;
7 оқушы — мектеп қабырғасында жүріп-ақ жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алған дарындылар!
Бұл — ұстаздардың еңбегі мен шәкірттердің ізденісінің ортақ жемісі. Қадамдарыңа нұр жаусын, жас түлек! Білімдерің Отанымыздың гүлденуіне қызмет етсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: