19
май
2026
Жастар және заң: құқықбұзушылықтың алдын алу
Лицейімізде Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Әбдімомынов Жанаддин Бейбітұлымен 11-сынып оқушылары арасында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет алаяқтықтағы дроперлік әрекеттердің қауіптілігі, сондай-ақ сталкинг мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушыларға заң талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік пен жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар берілді. Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.