Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандар — білімнің жарқын болашағы!
08
май
2026

Жас мамандар — білімнің жарқын болашағы!

Алматы қаласында жас педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған дәстүрлі «Almaty Ustazy» қалалық байқауының ІІ кезеңі №178 мамандандырылған лицей үшін табысты аяқталды!
Жас мамандар бұл кезеңде: заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, цифрлық ресурстарды шебер пайдаланып,шығармашылық пен кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Іріктеу нәтижесінде 71 жас педагог ІІ кезеңге қатысып, ашық сабақтар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Осы байқауға лицейімізден қатысқан төрт жас маманымыз жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:
І орын — Рахымбекұлы Досжан (математика),
ІІ орын — Төлендиева Самал (қазақ тілі мен әдебиеті),
ІІІ орын — Нұрсал Дәлел (физика),
ІІІ орын — Әкбар Нұржау (физика) иегерлері атанды.
Бағалау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпазымыз Рахымбекұлы Досжан (математика) байқаудың ІІІ кезеңіне жолдама алды! Алдағы финалда: «Мен – көшбасшы мұғаліммін» авторлық жобасын қорғайды; «Ашық мінбер» алаңында өз ойларын ортаға салады.
Досжан Рахымбекұлы, Сізді жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жеңістер күтуде! Сәттілік серік болсын! Құрметті жас мамандар! Сіздер – бүгінгі білімнің жаңа тынысы, ертеңгі ел болашағының сенімді ұстаздарысыздар! Әр қадамдарыңыз табысқа, әр бастамаларыңыз жетістікке жетелей берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: