21
март
2026
Алатау ауданында алаңының алдында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік шара барысында аудан мектептері қазақ халқының бай салт-дәстүрлерін насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Әр білім ордасы өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Соның ішінде №178 лицей ұжымы қазақтың тағылымға толы «Құда түсу» дәстүрін сахналық қойылым арқылы жоғары деңгейде көрсете білді. Көрініс арқылы ата-бабамыздан келе жатқан әдет-ғұрыптың мәні мен маңызы кеңінен насихатталды.
Ұлттық рухты жаңғыртқан бұл мереке барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дәстүр мен тәрбиенің сабақтастығын тағы бір дәлелдеді.
