20
март
2026
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
№178 мамандандырылған лицейдің биология пәні мұғалімі, педагог-шебер Айдарова Айдана Берікқызы ҚР ОАМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды!
Айдарова А.Б. – «Digital Ustaz Almaty – 2021», «Алматы Ұстазы – 2024» конкурсының жеңімпазы, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының І дәрежелі диплом иегері. Авторлық бағдарламалар мен оқу құралдарының авторы, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы ретінде кәсіби шеберлігін дәлелдеді. Білікті ұстаз білім беру саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілетін дамытуға зор үлес қосып келеді.
Құрметті Айдана Берікқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!
