Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2026

Буллингке жол жоқ!

6-сынып оқушылары арасында буллинг және кибербуллинг тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның себептері мен салдары түсіндіріліп, киберкеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері талқыланды. Оқушылар шағын топтық тренингке қатысып, эмпатия, достық қарым-қатынас, жауапкершілік дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындады. Сонымен бірге, қиын жағдай туындаған кезде кімге жүгіну керек екені түсіндіріліп, мектептегі сенім ресурстары таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өзара сыйластықты қалыптастыруы, қауіпсіз мектеп ортасын құру және интернеттегі қорғаныс мәдениетін дамыту.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: