01
декабрь
2025
I АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ: «Бірлігі күшті ел озады»
Бүгінгі аптада оқушыларымызбен “Көмек” жобасы аясында және Еріктілер күніне орай тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізілді.
Басты мақсаты — оқушыларға мейірімділік, өзара жәрдемдесу, қоғамға пайдалы болу идеясын сіңіру.
Еріктілік – тек бос уақытта көмектесу емес, ол — жүректің қалауымен жасалатын игі іс, азаматтық жауапкершілік және бірліктің жарқын көрінісі.
Сабақ барысында біз:
еріктілер қозғалысының маңызын, қоғамға әсерін;
“Көмек” жобасының мақсатын және оның нақты бағыттарын;
жақсылық жасау мәдениетін;
бір-біріне қолдау көрсетудің қарапайым жолдарын
талқыладық.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, көмектің кішісі болмайтынын, әр адамның ізгі ісі айналасына оң әсер беретінін түсінді.
