Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды.
08
июль
2025

Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды.

Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
🗺️ Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді.  
🇰🇿 Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды.   Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. 
Күміс медаль иегерлері:
🥈 Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈 Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы; 
🥈 Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
🥈 Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.
🥉 Сондай-ақ қола медаль иегері - Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев. 
Теориялық айналым нәтижелері бойынша 
🥇 1-дәрежелі диплом -  Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;
🥈 2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов. 
🧑🏻‍🏫 Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.
💫 Жас физиктер мен олардың ұстаздардың жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: