19
февраль
2025
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» лицейішілік жас мамандар байқауы
№178 мамандандырылған лицейде жас педагогтердің «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында лицейішілік жас мамандар байқауы өтті.
Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін жетілдіру мен заманауи әдістемелік озат тәжірибелерді арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға лицейдің 7 жас маманы қатысты. Әр жас маман байқаудың кезеңдеріне сай «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазып, бейтаныс сыныпта (5-9 сыныптар аралығында) ашық сабақтарын өткізді. Келесі кезеңде «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өздерін таныстырып, мамандықтарына деген көзқарастарын әр түрлі үлгіде (фотопрезентация, бейнепрезентация, аудиожазба, көркемсөз, т.б шығармашылық жолдар арқылы) көрсетті.
Жас мамандардың табанды еңбегі мен тыңғылықты дайындықтары байқау қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті:
1-Омарбекова Алуа Ерланқызы – математика пәнінің мұғалімі
2-Бақытова Айша Маратқызы – информатика пәнінің мұғалімі
2-Салмеке Аяжан Ерланқызы – информатика пәнінің мұғалімі
3-Қуандық Бексұлтан Талғатұлы – химия пәнінің мұғалімі
3-Құрманқожа Елназ Берікқызы – педагог-психолог
3-Расыл Диана Бауыржанқызы – математика пәнінің мұғалімі
3-Асылбек Аяжан Ерланқызы – музыка пәнінің мұғалімі
«Жақсы жастан шығады» демекші, бүгінгі педагогтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, жақсы шәкірт тәрбиелей білетін жаңашыл, жақсы мамандар шығады деген сенім артамыз.