Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заманауи жас маман - 2022» лицейішілік байқауы өтті.
12
май
2022

«Заманауи жас маман - 2022» лицейішілік байқауы өтті.

       №178 мамандандырылған лицейде «Заманауи жас маман - 2022» байқауы өтті. Байқау жас мамандардың біліктілігін артырып, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, жас мамандардың мәртебесін көтеру мақсатында өткізілді.
Бірінші кезеңде жас мамандар «Заманауи ұстаз кім?» тақырыбында эссе жазды. Ал екінші кезеңде «Мектеп өмірі: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбы бойынша өз ойларымен тың идеяларымен бөлісті. Мұғалім тек білім беруші емес, әрі тәрбиелеуші. Әр баланың бойындағы талантын көре білген ұстаздың өзі талантты болары анық. Осы мақсатта келесі айдарда «Өнерлі өрге жүзер» тапсырмасы бойынша өз бойындағы өнерлерін көрсетті (сахналық көрініс, ән-би, драма, т.б).

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: