21
январь
2025
Үстел теннисінен ұлттық мектеп лигасы өтті
16.01.2025 күні Алматы қаласы, Алатау ауданы №185 мектеп-гимназиясында «Ұлттық мектеп лигасы» аясында Үстел теннисінен 9-11-сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Мақсаты: оқушылардың үстел теннисіне деген қызығушылығын арттыру, үздік команданы анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс соңында жеңімпаз командалар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Нәтижесінде: №178 мамандандырылған лицей командасының 10 «Ж» сынып оқушылары Әлібай А., Абиади А., Маулен А. 9 «Д» сынып оқушысы Сатыш А. ІІІ орынға ие болды. Жарайсыздар! Құттықтаймыз!