11-сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттау
Бүгін лицейіміздің 11-сынып білім алушылары Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды. Емтиханның мақсаты – оқушылардың оқу бағдарламасы аясында меңгерген білімдерін бағалау және тарихи оқиғаларды саралау, талдау дағдыларын анықтау. Білім алушылар емтихан барысында жауапкершілік танытып, өз білімдерін көрсетуге бар күш-жігерлерін салды. Қазақстан тарихы пәні бойынша жинақтаған білімдерін дәлелдеп, маңызды сынақтан өтті. Барлық түлектерімізге сәттілік тілейміз!