«Оқу жылына дайындық туралы»
Әрине, бала үшін, білім саласы үшін дәстүрлі форматтан артық ештеңе жоқ. Оны білеміз. Біз де балалар сияқты, ұстаздар сияқты, біздің әріптестеріміз сияқты дәстүрлі форматта оқыту уақытын асыға күтудеміз. Бірақ қазіргі эпидемиялық ахуалға байланысты әріптестеріміздің, балалардың қауіпсіздігі үшін қашықтан оқыту форматында жұмыс бастау үшін дайындық жұмысын жүргіздік. ©️ Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі