Лицей оқушылары "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынында » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Лицей оқушылары "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынында
30
август
2020

Лицей оқушылары "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынында

Қалалық "Almaty" телеарнасы ұйымдастырған "IQ Almaty" интеллектуалдық ойынына лицей оқушылары қатысып, Алатау ауданының намысын абыроймен қорғады. 10-11 сынып оқушыларынан құралған "Алатау қырандары" командасы деген атаумен сайысқа түскен оқушыларымыз лайықты өнер көрсете білді. Оқушыларымыз ҚБТУ, СДУ, АТУ университеттерінің студенттерін жеңіп, финалға тікелей жолдама алған болатын. Ал, финалдық ойында оқушыларымыз Алматы техникалық колледжінің студенттеріне есе жіберді. Сайыста география, тарих, физика пәндерімен қатар, логикалық сұрақтар қойылып, ойын өте тартысты және қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті. Өз кезегімізде сайысқа қатысқан дарынды оқушыларымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: