Родителям » Страница 7 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
“Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды” тақырыбында №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығы» бөлімінің психолог маманы А.Т. Беспаева оқушыларға  психолдогиялық дәріс өткізді.
12
февраль
2022
“Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды” тақырыбында №29 қалалық
2022 жылдың 10 ақпан күні Специализированный лицей №178дің 10-сынып оқушыларымен “Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды” тақырыбында №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығы» бөлімінің психолог маманы А.Т. Беспаева оқушыларға психологиялық дәріс өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдерге темекінің зияны туралы айтып, салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру. @kairatbekshadiev @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @almaty_mektepteri
Педагог-зерттеуші П.К. Абдумуталипова 9-сынып оқушыларына «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
12
февраль
2022
Педагог-зерттеуші П.К. Абдумуталипова 9-сынып оқушыларына
Специализированный лицей №178де қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында ашық сабақтар жалғасуда. Педагог-зерттеуші П.К. Абдумуталипова 9-сынып оқушыларына «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтады. Жазба жұмыстарында (шартты бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырып, орынды қолдана білді. Биотехнологияның
10 "Ж" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А.Усентаева "Ғаламшардағы жаһандық мәселелер" тақырыбында сабақ өткізді.
12
февраль
2022
10 "Ж" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Специализированный лицей №178де 10 "Ж" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А.Усентаева "Ғаламшардағы жаһандық мәселелер" тақырыбында сабақ өткізді. Сабағында қазақ тілінің сөзжасам жүйесі көне замандардан бастап күні бүгінге дейін дамып, күрделеніп, ерекшеленіп, толығып қазіргі дәрежеге жеткенін түсіндіріп берді. Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыта отырып, физика, экология, көркем еңбек пәндерімен аралық байланыста жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
11 оқушы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында 20.01-10.02.2022 ж. аралығында барып, демалып келді.
12
февраль
2022
11 оқушы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық-ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 2021жылғы 14-желтоқсандағы №02-07 /425 хатына сәйкес Коммунальное Алатау ауданы қарасты мектептер бойынша 11 оқушы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында 20.01-10.02.2022 ж. аралығында барып, демалып келді. Балалар өте керемет әсер алып, демалыс жайлы жағымды пікірлер қалыптастырды.
9-сынып оқушылары Төлеген Диас пен Ахмет Даурен «SMS-хабарламалар арқылы заттарды басқару функциясы бар ақылды мектеп жобасы» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жазды.
12
февраль
2022
9-сынып оқушылары Төлеген Диас пен Ахмет Даурен «SMS-хабарламалар
Специализированный лицей №178 директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы және Рахатов Дастан Төлеубекұлының жетекшілігімен физика ғылымының техника саласы бойынша 9-сынып оқушылары Төлеген Диас пен Ахмет Даурен «SMS-хабарламалар арқылы заттарды басқару функциясы бар ақылды мектеп жобасы» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жазды. Техниканың дамыған заманында заманауи технологиялардың көмегімен SMART SCHOOL жобасы арқылы республикалық кезеңге жолдама алды. Жаңашыл идеяларды бүкіл елімізге таратып,
"Тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы" тақырыбында әңгіме  жүргізілді.
12
февраль
2022
"Тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы" тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Специализированный лицей №178де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 8 "Ә" сыныбында "Тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы" тақырыбында әңгіме жүргізді. Лицейдің iшкi тәртіп ережелерімен таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, лицей мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті.
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында  түсіндірме жұмысын жүргізді.
12
февраль
2022
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында түсіндірме
Специализированный лицей №178де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен жас полиция көмекшілері 5-6 сынып оқушыларына «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу.
🎯 Жадынама
12
февраль
2022
🎯 Жадынама
🎯 жадынама "Балалардағы гиперативті мінез-құлық белгілері" (ата-аналар мен мұғалімдерге арналған)
Специализированный лицей №178де "Алтын белгі" үміткерлерінен математика пәнінен бақылау жұмысы алынды.
12
февраль
2022
Специализированный лицей №178де "Алтын белгі" үміткерлерінен математика
Специализированный лицей №178де "Алтын белгі" үміткерлерінен математика пәнінен бақылау жұмысы алынды. Бұл үрдіс білім алушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында апта сайын бейсенбі күні жалғасын табады.
"Мәңгілік елдің кілті - ұрпақтарымыз қолында" тақырыбында "Farabi shakirti" зерек жасөспірімдерге арналған республикалық журналына мақаласы жарық көрд
12
февраль
2022
"Мәңгілік елдің кілті - ұрпақтарымыз қолында" тақырыбында "Farabi
Специализированный лицей №178дің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исабаева Балмира Таупыққызының "Мәңгілік елдің кілті - ұрпақтарымыз қолында" тақырыбында "Farabi shakirti" зерек жасөспірімдерге арналған республикалық журналына мақаласы жарық көрді. 💫 Құттықтаймыз, қаламыңыз ұштала берсін!