Информация » Страница 260 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы
04
март
2019
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу
2019 жылғы 1-3 наурыз аралығында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының IX халықаралық конкурсына №178 лицейдің 11 сынып оқушылары қатысып,  1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сейсмикалық жаттығу
01
март
2019
Сейсмикалық жаттығу
1 наурыз 2019 жылы "1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне" орай №178 лицейде жер сілкінісі болған жағдайда басшылық құрамының оқушыларды ғимараттан қауіпсіз жерге қалай дұрыс алып шығуға болатындығы туралы жер сілкінісіне бағытталған сейсмикалық жаттығу жүргізілді.
"Біздің міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
01
март
2019
"Біздің міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
2019 жылдың 1 наурыз күні Қазақстар Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер бекіткен "Біздің міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай №178 лицейдің 10 сынып оқушылары Алатау аудандық №15 өрт сөндіру бөлімшесіне барып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шарттары жайлы ақпарат алып қайтты.
"1 наурыз - Алғыс айту күні"
01
март
2019
"1 наурыз - Алғыс айту күні"
№178 лицей оқушылары ұстаздарды "1 наурыз - Алғыс айту күнімен" құттықтап, көрсеткен қамқорлықтары мен аялы алақан, жылы лебіздері үшін бас иіп, ашық хаттар таратып, рахметтерін айтты. Мерейлі мерекеде дендеріне саулық, отбасыларына амандық, істеріне сəттілік тіледі.
"Ризашылық" атты сынып сағаты
27
февраль
2019
"Ризашылық" атты сынып сағаты
№178 лицейде 1 наурыз - «Алғыс айту» күніне орай, «Ризашылық» атты сынып сағаттары өтті. Оқушылардың ұлттар татулығы, достығы туралы ойлары, дархан еліміздің ұлттардың небір ауыртпалық туған кезеңдерде бір-біріне көмек қолын созған кең пейілдігі туралы әңгімелері әсерлі болды.
"Мен - қазақпын" атты республикалық жыр байқауы
27
февраль
2019
"Мен - қазақпын" атты республикалық жыр байқауы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына және "Мен - қазақпын" поэмасының 55 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткізілген "Мен-қазақпын" атты республикалық жыр байқауына белсене қатысып, №178 лицейдің 11 "Г" сынып оқушысы 2-орын иеленді. Жетекшісі Ауелбекова Айман Айтжановнаға жас таланттарды дайындағаны үшін сертификат берілді.
"Лицей аруы - 2019"
27
февраль
2019
"Лицей аруы - 2019"
№178 лицейде «Лицей аруы - 2019» атты байқау өтті. Байқау мақсаты – оқушылар арасында «2019 жыл – Жастар жылы» бағдарламасын насихаттау. Оқушылар бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде жарасымды дамуына, шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыру, табиғи сұлулықты насихаттау. Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайлығын, біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді. Өз өнерімен, біліктілігімен және
«Преподавателидің кәсіби дамуының жаңа моделі: шығармашылық лабораториясы» тақырыбында аудандық семинар
27
февраль
2019
«Преподавателидің кәсіби дамуының жаңа моделі: шығармашылық
2019 жылдың 26 ақпан күні «№178 лицей» КММ «Преподавателидің кәсіби дамуының жаңа моделі: шығармашылық лабораториясы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнына бағдарланған білім беруді жүзеге асыруда оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибеде көрсету арқылы мұғалім мен оқушы құзіреттілігін сабақтастыру. Семинарға Алатау ауданы мектептерінің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, лицей мұғалімдері өз іс-тәжирибелерін ұсынды. 
«Баланы жеке үлгі ретінде тәрбиелеу» атты жалпы ата-аналар жиналысы
22
февраль
2019
«Баланы жеке үлгі ретінде тәрбиелеу» атты жалпы ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 7 және 8 ақпанда Алматы қалалық білім беру басқармасының білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарының «Бейресми көшбасшылық, балалардың агрессивті мінез-құлық және оларды шешу жолдары туралы» тақырыбы бойынша өткен жиналысының шешіміне сәйкес №178 лицейде 22 ақпан күні «Баланы жеке үлгі ретінде тәрбиелеу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында лицей әкімшілігі мен
"Адалдық дүкені"
22
февраль
2019
"Адалдық дүкені"
№178 лицейде «Алматы - адалдық алаңы» жобасы негізінде «Адалдық дүкені» атты дүкен іске қосылды. Дүкеннің ашылу мақсаты - жастардың арасында оңтайлы моральдық қасиеттерін дамыту, оның ішінде адалдық пен адамдық, жемқорлыққа қарсы мәдениет пен әділдік сезімін қалыптастыру болып табылады.