"Лицей аруы - 2019" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
27
февраль
2019

"Лицей аруы - 2019"

№178 лицейде «Лицей аруы - 2019» атты байқау өтті. Байқау мақсаты – оқушылар арасында «2019 жыл – Жастар жылы» бағдарламасын насихаттау. Оқушылар бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде жарасымды дамуына, шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыру, табиғи сұлулықты насихаттау.
Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайлығын, біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.
Өз өнерімен, біліктілігімен және сымбаттылығымен ерекшеленіп «Лицей аруы» 9 «А» сынып оқушысы Адашханова Аяулым болды. Сонымен қатар өзге номинациялар бойынша «Өнерлі ару» номинациясымен 9 «Ж» сынып оқушысы Тұрсынбаева Жұлдызай, «Зерделі ару» номинациясымен 9 «Ә» сынып оқушысы Тастанбек Нұрай, «Инабатты қыз» номинациясымен 9 «Б» сынып оқушысы Досымбек Жания, «Асыл ару» номинациясымен 9 «В» сынып оқушысы Арапбек Ғазиза, «Күлімкөз ару» номинациясымен 9 «Ғ» сынып оқушысы Амантай Дания, «Сымбатты ару» номинациясымен 9 «Г» сынып оқушысы Абдумалик Махаббат марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: