«Қазақстан – алтын бесігім» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
29
январь
2020

«Қазақстан – алтын бесігім»

    №178 лицейде қаңтардың  29-сі күні  көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында лицейдегі қолөнер үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында «Қазақстан – алтын бесігім» атты тақырыпта балалардың қиялынан туындап, өз қолдарымен жасалған бұйымдардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
   Шараның басты мақсаты – лицей қолөнершілерінің басын қосып, туындыларын көпшілікке таныстыру. Осы арқылы тарихи салт-дәстүрімізді насихаттау. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту.
    Көрмеге төмендегідей бұйымдардың түрлері қойылды:
  1. Сумоншақпен кестеленіп, желімделген бұйымдар;
  2. Қолданбалы-қолөнер бұйымдары;
  3. Әшекей-зергерлік бұйымдар;
  4. Киізден жасалған жұмыстар.
  Көрмеге қатысушылардың бәріне көрме барысында алған таңғажайып эстетикалық әсер мен табиғи материалдарды керемет өнер шығармасына айналдырған шеберліктері шыңдала берсін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: