"Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » "Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария"
24
октябрь
2019

"Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария"

    № 178 лицейде «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»  тақырыбында қарттар күніне орай Алатау ауданының мерекелік кеші өткізілді.
    Қазыналы қарттарымыздың мерекелік кешіне Серікбол Сайлаубек, Алма Аманжолова, Нұрлан Албан есімді эстрада және дәстүрлі әншілер арнайы келіп, өз өнерлерін көрсетіп, лицейіміздің оқушыларымен бірге әннен шашу шашып, қарттарымызға құрмет көрсетті. Кештің ашылу салтанатында сөз сөйлеген лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қарияларымызға амандық тілеп, әрқашан еңбектерін ескереміз деп, өзінің жылы лебізін білдірді.  Өз кезегінде Алатау аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының  бірінші орынбасары Алмасаев Мұқан Тұрашұлы қарияларымыздың құрметіне қойылған мерекелік кештің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, Алатау ауданына еңбегі сіңген қарттарды алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтарды табыс етіп,  мерекесімен құттықтады.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: