«Қарттарым – асыл қазынам» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
11
октябрь
2019

«Қарттарым – асыл қазынам»

     Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке лицей оқушыларының ата-анасы мен әжелері құрметті қонақ ретінде шақырылып, өз немерелері мен оқушылардың көрсеткен өнерлерін тамашалады. Кештің негізгі мақсаты қазыналы қарттарымызды сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-әже және немере арасындағы байланысты, ата-ана мен баланың қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында болды. Лицейіміздің белсенді оқушылары домбыраның күмбірімен кдомшертсе, әншілеріміз әсем әндерімен әуендеп, тағы бір өнерпаздарымыз «Садақа» спектакльін сомдап, жиналған көрерменге өз өнерлерін паш еткізді. Қазыналы қарияларымызды сыйлап, құрмет көрсетіп, қол көмегімізді созып, барында бағалайық. Қазыналарымыз, дарияларымыз аман болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: