«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы
21
август
2019

«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық.
Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық ба-ласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жет-кіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс. Осыған орай жыл сайын еліміз көлемінде «Мектепке жол!» атты республикалық акциясы өткізіліп келеді
– Бұл акция көптеген жеткін¬шек¬ке шапағат нұрын себуде. Бұл бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасын азық-түлікпен, балаларды қыстық киіммен қам¬тып, тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуан¬тады.
Акция аясында оқушылар оқу¬ға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қам¬тылып келеді. Бұл іске облыс¬тық, аудандық әкімдіктен бастап, басқарма, департаменттер, түрлі мекеме, ұйымдар белсенді түрде атсалысып келе жатқанын айта кеткен орынды. Сол сынды ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер де¬меушілік көмек көрсетуде. Сон¬дай жанның бірі Жеке кәсіпкер «Толекова» биыл бес баланы бірдей мектепке даярлауға ниет танытып отыр. Сондай-ақ, «ANGELHER» дүкені көп балалы отбасы балаларына мектеп формасына 10-15 пайыздық жеңілдіктер ұсынып отыр. Қуаныш пен күлкі сый¬лап отырған барлық демеушіге, осы істің ұйытқысы болып жүрген ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Акцияның алғашқы айында бірқатар оқушы мектепке қажетті құрал-жабдық¬пен қамтылды. – Акция енді ғана бастау алды. Жаңа оқу жылы бастал¬ған¬ша 73 баланы толықтай мектепке даярлаймыз. Ол үшін әлі де демеу¬шілер іздестіріп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін үлес қосқан жандар да баршылық. Жыл сайын акцияны өз деңгейінде өткізіп келеміз

Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төге келетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтеріне сеніміміз мол.
№ 178 лицей әлеуметтік пед.Шойынбаева Шолпан

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: