24
ноябрь
2023
«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті
2023 жылғы 24 қараша Коммунальное Алатау ауданында орналасқан Alatau Creative Hub орталығында 7-11 сынып ата-аналарына арналған «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Көңілді ойын-тренингпен басталған жиналыс барысында:
1. «Мамандықты дұрыс таңдаудағы ата-ананың рөлі мен грантқа түсудің 7 жолы» тақырыбында профориентолог, коуч, СДУ қабылдау комиссиясының төрағасы Омарбек Көшкімбайұлы;
2. «Оқушыларды өмірге бейімдеу мен әлеуметтендірудегі кәсіби бағыт-бағдар берудің өзектілігі» тақырыбында кәсіби бағдар үйлестірушісі Ә.Е. Тілеужан;
3. «Құқық бұзушылықты алдын алу» мәселесі бойнша Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры Л.Т. Жампеисова;
4. «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында лицей психологтары Ж.А. Ағажанова мен А.Н. Имамадин ерекше тоқталып, балаға қолдау көрсету, әрі қабілет-қалауына сай дұрыс бағыт-бағдар беру аса маңызды екенін тілге тиек етті.
Мақсаты: Отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-аналар ынтымақтастығын күшейту, лицей мен ата-ананың байланысын арттыру.