«Ата ана-Оқушы-Ұстаз ынтымақтастығы» атты ата-аналар жиналысы өтті.
№ 178 мамандандырылған лицейде «Ата ана-Оқушы-Ұстаз ынтымақтастығы» атты ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара барысында ата-аналар QR-ы бар браслет арқылы 4 топқа бөлінді. Әр топ арнайы дайындалған "Үш құндылық", "Жеті жарғы", "Білім. Ғылым. Инновация", "Психологиялық қолдау" сияқты түрлі тақырыпты талқылайтын отауларға жеке-жеке орналастырылды. Бұл жерде оқушыға байланысты барлық сұрақтар қамтылды. Әрбір отауда тақырыпқа сәйкес мамандар ақпарат беріп, психологиялық тренингтер өткізіп, медицина,