Материалы за 13.09.2024 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
13
сентябрь
2024
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Қыркүйек айының 13-күні Специализированный лицей №178дің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.     
"UKIDS" білім беру орталығының кәсіби бағдар беру бойынша мамандары 11-сынып оқушыларына  түсіндірмелі жұмыс жүргізіді.
13
сентябрь
2024
"UKIDS" білім беру орталығының кәсіби бағдар беру бойынша мамандары
"UKIDS" білім беру орталығының кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге арнайы келіп, 11-сынып оқушыларына мемлекеттік гранттар жайлы және дұрыс мамандық таңдау жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
"Жас Star" парламент ұйымы 5, 7 сынып оқушыларына өздерінің жылдық жоспарымен таныстырды.
13
сентябрь
2024
"Жас Star" парламент ұйымы 5, 7 сынып оқушыларына өздерінің жылдық
Лицейіміздің "Жас Star" парламент ұйымы 5, 7 сынып оқушыларына өздерінің жылдық жоспарымен таныстырды. Ұйым мүшелері лицейге жаңа келген оқушыларға алда атқаратын жұмыс жоспарымен бөлісті. ”Еркін микрафон” кезеңінде оқушылар пікірлерін білдіріп, өз сұрақтарына жауап алды.
9,11 сынып оқушылар арасында  “A different language is a different vision of life”  тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
13
сентябрь
2024
9,11 сынып оқушылар арасында “A different language is a different
 Лицейімізде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ауелбекова А.М., Нусупалиева Д.Қ. ұйымдастыруымен 9,11 сынып оқушылар арасында “A different language is a different vision of life” тақырыбында дебат ұйымдастырды. Оқушылар ағылшын тілінде өз көзқарастарын еркін жеткізді; Дебат оқушылардың ой еркіндігіне мүмкіндік берді; Нәтижесінде оқушылардың еңбектері бағаланып, арнайы сертификаттармен марапатталды.