14
ноябрь
2025
Судың адам ағзасына пайдасы
Судың адам ағзасына пайдасы5/8 сыныптар арасында "Дұрыс тамақтануды насихаттау" мақсатында тәрбие сағаты өтті. Су – адам өмірінің негізі. Дене салмағының жартысынан астамы судан тұрады және ағзаның барлық маңызды қызметтері судың көмегімен жүзеге асады. Су зат алмасуды реттейді, тағамның қорытылуына көмектеседі, токсиндер мен зиянды қалдықтарды шығарады. Мидың жұмысын жақсартып, энергияны арттырады. Терінің таза әрі жұмсақ болуына әсер етеді. Күн сайын жеткілікті мөлшерде су ішу – дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі. Су ішудің жеткіліксіздігі шаршау, бас ауруы және ағзаның әлсіреуіне әкеледі. Сондықтан денсаулықты сақтау үшін күніне 6–8 стакан су ішу ұсынылады.