Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану"
13
октябрь
2025

"Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану"

"Дұрыс тамақтануды насихаттау" мақсатында 7 "В" сыныбында тәрбие сағаты өтті.  Денсаулықты сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Ағзаның қалыпты жұмыс істеуі, өсіп-дамуы және түрлі аурулардан қорғануы тікелей тағам сапасына байланысты. Сондықтан күнделікті тамақтануға ерекше мән беру қажет. Адамның жасына, жынысына, өмір салтына және еңбек жағдайына байланысты тамақ құрамының ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Дұрыс әрі тиімді тамақтану – бұл әртүрлі қоректік заттарды (ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер, минералдар, су) қажетті мөлшерде және тепе-теңдікте пайдалану. Әрбір қоректік заттың ағза үшін өзіндік рөлі бар. Мысалы, ақуыз – бұлшықеттер мен ұлпалардың құрылыс материалы, көмірсулар – энергия көзі, ал дәрумендер мен минералдар – ағзаның әртүрлі жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуіне қажет. Сапалы және құнарлы тамақ денсаулықты сақтауға, ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға, жұмыс қабілетін жоғарылатуға көмектеседі.  Балалар мен жасөспірімдер үшін дұрыс тамақтану – олардың өсіп-жетілуіне, ақыл-ойының дамуына және оқудағы жетістіктеріне тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір адам тамақтану мәдениетін меңгеріп, өз рационына жауапкершілікпен қарауы тиіс

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: