Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау


Лицейде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жоспарлы түрде бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында лицей оқушыларына берілетін тегін ыстық тамақтың белгіленген санитарлық-гигиеналық және сапалық талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды. Тамақ өнімдерінің сапасы, дайындалу технологиясы, ас мәзірінің талапқа сай құрастырылуы және тағамдардың уақтылы таратылуы жан-жақты тексерілді.
Сонымен қатар асхана қызметінің ұйымдастырылуы, ас блогының тазалығы, құрал-жабдықтардың жағдайы және қызметкерлердің санитарлық талаптарды сақтау деңгейі назарға алынды. Асхана барлық санитарлық нормаларға сай жұмыс істеп, оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануы үшін қолайлы және тиімді жағдай жасалғаны анықталды. Комиссия мүшелері жүргізілген мониторинг нәтижесінде лицейдегі тамақтану сапасына оң баға берді.