29
октябрь
2024
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Қазан айының 29-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында асхананың ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы, аспазшылар құжаттары тексерілді. Тамақтың ас мәзірімен сәйкестігі, газдалған сусындардың болмауы, тыйым салынған тағам түрлерінің сатылмауы қаралды.
Мектеп асханасының ас әзірлеу блогының жағдайы жақсы. Мерзімі өткен, тыйым салынған тағам түрлері сатылмайды. Күнделікті дайындалған тағам ас мәзіріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізілді.
Мектеп асханасының ас әзірлеу блогының жағдайы жақсы. Мерзімі өткен, тыйым салынған тағам түрлері сатылмайды. Күнделікті дайындалған тағам ас мәзіріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізілді.