Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұғалімдердің VII Халықаралық шығармашылық байқауы
06
декабрь
2019
Мұғалімдердің VII Халықаралық шығармашылық байқауы
   2019 жылдың желтоқсан айының 1-2 күндері Алматы қаласында «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» және «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VII Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Осы байқауға лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант, физика пәнінің мұғалімі Тастанова Жанат және информатика пәнінің мұғалімі Мұқай Ерсін өздерінің бақтарын сынап, нәтижесінде олар VII
Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды
05
декабрь
2019
Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие
     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында 2019 жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында информатика пәнінен оқушылардың ХІ Еуразиялық олимпиадасын өткізді. Аталған олимпиада Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетімен бірлесе отырып, есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру және
Талпынған жетер мұратқа ...
02
декабрь
2019
Талпынған жетер мұратқа ...
    2019 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында қала әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мен конкурстар бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.     Кездесу барысында әкім Бақытжан Сағынтаев қаламыздың дарынды жастарына үнемі қолдау көрсететінін айта келе, оқуда, еңбекте шығармашылық табыс тілеп, Отанына адал қызмет етуді тапсырды. «Сендердің қазіргі таңдағы жетістіктерің еліміздің болашақта
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
29
ноябрь
2019
«Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыс
    «Ел Жастары» клубының белсенді мүшелері, 9 «и» сыныбының оқушылары Қыдырбек Ақнұр мен Мұратқызы Амина Нархоз колледжінде «Экономика және бизнес» бағыты бойынша өткен сайыста жеңімпаз атанып, бизнес және кәсіпкерлік қабілеттері бойынша өз шеберліктерін шыңдады. Қос оқушымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!      Біздің клубымыздың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының қабылдауында болды
27
ноябрь
2019
Алатау ауданының жеңімпаздары мен жүлдегерлері лицей директорының
     Алатау ауданында «Біздің азаматтық позиция» тақырыбында өткен сайыстың ІІІ орын иегерлері мен «Туға қарап, бой түзе!» атты аудандық сайыста І орын жеңіп алған «Ел Жастары» клубының оқушылары лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының қабылдауында болды.      «Құрметті, біздің оқушылар! «Ел Жастары» клубының белсенділері!    Сіздер қандай сайысқа қатыссаңыздар да, лицей намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанып, жүлделі орындардың қатарынан көрінесіздер. Өз білімдеріңіз бен
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
25
ноябрь
2019
«Туға қарап, бой түзе!» сайысы
   Алатау ауданы мектептері арасында №1 Оқушылар үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Туға қарап, бой түзе!» тақырыбында өткен ту ұстаушылар сайысында №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел Жастары» клубының белсенді оқушылары І орынды жеңіп алды.    Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін оқушыларымызға алдағы уақытта да тек сәттілік пен жеңіс тілейміз. Жеңіс құтты болсын, «Ел Жастары»!
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
19
ноябрь
2019
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
    ХІІ Президенттік Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А. Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.  Президенттік олимпиада математика, физика, биология және химия пәндері бойынша 3 кезеңнен өтеді. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде I кезең – аймақтық өткізілді. Алматы қаласы бойынша, мақтана айтарлық, біздің лицейдің 11 сынып оқушылары математика, физика, химия және биология пәндерінен 34 оқушы жүлдегер атанып, І-ІІ-ІІІ орындарға ие
Жеңімпаздарымыз лицей директорының қабылдауында болды
18
ноябрь
2019
Жеңімпаздарымыз лицей директорының қабылдауында болды
    №181 жалпы білім беретін мектебінде «Біздің азаматтық ұстаным» тақырыбында өткен сайыстың жеңімпаздарын лицей  директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, өзінің жылы лебізін білдірді.      «Әр сайыста тәжірибе жинап, білімдеріңізді арттырып, шындала түсесіздер. Жеңіске жету арқылы көптеген тәжірибелерге сүйеніп, шеберліктеріңізді шыңдайсыздар.      Енді аудан көлемінде өтетін сайыста тағы да үздік екендеріңізді дәлелдеп, лицей абыройын асқақтата беріңіздер деп», сәттілік тіледі.     22
«Ел жастары» клубы тағы да жеңімпаз атанды
15
ноябрь
2019
«Ел жастары» клубы тағы да жеңімпаз атанды
    Алатау ауданы бойынша №181 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біздің азаматтық ұстаным» тақырыбында өткен сайыста лицей оқушылары І орынға ие болды. Осылайша кезекті жеңістеріне қол жеткізген  оқушыларымыз №201 мектеп-гимназиясында өтетін аудандық іріктеуге тікелей жолдаманы жеңіп алды. Лицейіміздің «Ел жастары» клубының оқушыларын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!      Біз – үлгілі, озат, белсенді, білімді оқушыларымызбен әрқашан мақтанамыз!