Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» атты түсіндірме жұмысы
30
апрель
2024
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» атты түсіндірме жұмысы
     Алматы Қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында лицей оқушыларына  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл тоғызқұмалақ спорт түрінен жеңімпаз атанды
29
апрель
2024
10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл тоғызқұмалақ спорт түрінен
     Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен "Алматы БАЛАFEST" фестивалі аясында "Open Air Sport" бағдарламасында тоғызқұмалақ спорт түрінен лицейіміздің 10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл 1-орынды жеңіп алды. Жарайсың! Бағындырар шыңдарың биік болғай! 
Озық ойлы шәкірттеріміз SDU университетінің 4 жылдық грантының иегері
26
апрель
2024
Озық ойлы шәкірттеріміз SDU университетінің 4 жылдық грантының иегері
     SDU университетінде SPT 2024 олимпиадасы өтті. SPT олимпиадасы - SDU университетінің төл туындысы. Мектеп бітіруші талапкерлерге грант пен жеңілдік ұсынатын республикалық олимпиадаға биыл республиканың әр аймағынан 8100 талапкер қатысты.      SPT олимпиадаға N178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары қатысып,    “математика-физика” кластері бойынша Мырзабекова Марал Ержанқызы, “математика-география” кластері бойынша Нұрланова Даяна Маратқызы SDU University 100% грант иесі атанды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша мамандарымен кездесу
26
апрель
2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша
     Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге арнайы келіп, 9-10 сынып оқушыларына академия жайлы ақпараттарды беріп, 18 мамыр күні академияда өтетін ашық есік күніне лицей оқушыларын шақырды. 
"Медеу" туристік базасында "Жас құтқарушы" спорттық байқауы өтті
26
апрель
2024
"Медеу" туристік базасында "Жас құтқарушы" спорттық байқауы өтті
     Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты ШЖҚ "Оқушылар сарайы" МКК-нің ұйымдастыруымен "Медеу" туристік базасында "Жас құтқарушы" спорттық байқауы өтті. Байқау барысында лицей командасы бірнеше кезең бойынша тартысты сынға түсті. Байқау нәтижесінде лицей командасы жүлделі 2-орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.  
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді
26
апрель
2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы кәсіби бағдар беру жұмысын
     Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге арнайы келіп, 9-10 сынып оқушыларына академия жайлы ақпараттарды беріп, 18 мамыр күні академияда өтетін ашық есік күніне лицей оқушыларын шақырды. 
Қалалық колледждердің ашық есік күні өтті
26
апрель
2024
Қалалық колледждердің ашық есік күні өтті
      Лицейіміздің 9-сынып оқушылары Алматы көпсалалы колледжіне барып, қалалық колледждердің ашық есік күніне қатысып келді.
Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандарымен кездесу
25
апрель
2024
Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру
     Қаламыздағы жоғары оқу орындардың бірі Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге келіп, 11-сынып оқушыларына университет жайлы ақпарат берді.
"Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді.
25
апрель
2024
"Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді.
      "Алматы - біздің ортақ үйіміз" қалалық тазалық науқаны аясында "Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді. Бұл шараға лицей ұжымы, оқушылар мен ата-аналар да белсене қатысты. Нәтижесінде, лицей ауласының оазисі ҮЗДІК деп танылып, I орынға ие болды. Бұл - ұстаз, ата-ана мен оқушы одағының жетістігі. Белсене атсалысқандарыңызға алғыс білдіреміз! Лицейіміз көркейіп, жетістіктеріміз арта берсін!