Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейіміздің теңбіл доп шеберлері – қаламыздың мақтанышы
22
октябрь
2019
Лицейіміздің теңбіл доп шеберлері – қаламыздың мақтанышы
     Көкшетау қаласында оқушылар арасында өткен «Бурабай кубогы» жарысы өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа Алматы қаласы атынан №178 лицейдің оқушылары қатысып, топтық кезеңнен сүрінбей, ширек және жартылай финалдардан мүдірмей өтіп, финалға шыққан болатын. Финалда оқушыларымыз Жамбыл облысының аяқ доп шеберлеріне есе жіберіп, екінші орынға тұрақтады.       Лицей оқушыларының жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әнәпьяев Естай Мұхтарұлы болды.     Топтық кезеңді «С» тобынан бастаған лицей
Лицей мұғалімдері – жыл үздігі!
20
октябрь
2019
Лицей мұғалімдері – жыл үздігі!
    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы  даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында,  республикалық білім беру ұйымдары педагогтарының арасында өткен «Жылдың жүз үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» атты республикалық байқауында №178 лицейдің мұғалімдері Жадыра Манарбекқызы және Шыныбаев Қайсар жеңімпаз болып, арнайы төсбелгі иегері атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.       Бізде  өз кезегімізде лицейіміздің мұғалімін жаңа оқу жылындағы жетістігімен
«Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті
19
октябрь
2019
«Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті
    Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің 9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан «Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа ресми түрде 8 команда қатысып, ішінен үздік үш команда өзара I, II, III орындарды иеленді. Осы жарыс лицей жанынан құрылған «Ел жастары» клубының спорт министрі мен оның көмекшілері және «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру,  АӘ және техникалық дайындық» кафедрасының меңгерушісі Мира Утешованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.     Жарыстың қорытындысы
On-Line сабақ
19
октябрь
2019
On-Line сабақ
2019 жылғы 18-қазан күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» базасында №178 лицейдің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант лицейдің 8"Ж" сынып оқушыларымен бірге "y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі" атты тақырыпта On-Line сабақ өтті.
«Алтын сақа» олимпиадасының  қалалық ІІ кезеңі
19
октябрь
2019
«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық ІІ кезеңі
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейде 5-6 сынып оқушылары арасында "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіттің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 19 қазанында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық 2 кезеңі өтті. Алматы қаласы мектептерінен 160 оқушы қатысты.
«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» бойынша  шеберлік сағаты
18
октябрь
2019
«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» бойынша шеберлік сағаты
    Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде 10 «г» сыныбында «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Шадиев К.Х. «Нарықтық тепе-теңдік баға» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.       Шеберлік сағатында  сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері  тақырыбында өзекті  мәселелер қозғалды. Шеберлік сағатына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранттары қатысты.  
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
17
октябрь
2019
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
     Алматы қаласының Цифрландыру бағдарламасын іске асыру  мақсатында  қалалық Цифрландыру департаментінің басшысы Б. Қоңырбаев пен   Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры А. Дупик   №178 лицейдің заманауи үлгідегі  робототехника бөлмесін көруге келді.     Лицейге келген қонақтар оқу бөлмесіндегі пайдаланылатын  «Arduino», «Lego Mindstormes EV3» және  т.б. құрал-жабдықтардың сапасына ерекше мән беріп, ондағы атқарылып отырған
"Үздік педагог-2019"
15
октябрь
2019
"Үздік педагог-2019"
     178-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пəні мұғалімі Қайырбай Қанат Сатыбалдыұлы "Үздік педагог-2019" Республикалық конкурсының жүлдегері атанды. Қанат Сатыбалдыұлы -- өзінің отыз төрт жылдық ұстаздық жолында үнемі ізденіс үстінде жүретін жан. Шығармашыл ұстаз жаңартылған білім мазмұнындағы 8, 9, 10-сыныптарға арналған "Қазақ əдебиеті" оқулықтарының, хрестоматиялары мен  мұғалім кітаптарының авторы. Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған "Қазақ тілі" жəне "Қазақ әдебиеті"
«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасы
14
октябрь
2019
«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасы
Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасына қатысып, №178 лицей оқушылары жүлделі екінші орынға ие болы.
«Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқау
14
октябрь
2019
«Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқау
Республикалық «Жас Дарын» ДБО ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай өткізілген «Ұлы есім иелері, шексіз білім иегері» атты байқауда «Қолөнер» және «Бейнелеу өнері» аталымдары бойынша оқушыларымыз үздік өнер көрсеткені үшін біршеше бас жүлдені және бірінші орынды жеңіп алды.