Біз туралы, сабақтар
Информатика, 11 «В»-сынып, Досымова Бекзат
«Виртуалды шындықтағы адам» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Виртуалды және кеңейтілген шындықтың адамның психикалық және физикалық денсаулығына әсерін анықтау болып табылды. Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар берілді.
1-тапсырма «Виртуалды шындықтың пайдасы мен зиянын талдап, салыстыру» оқушылар екі топқа бөлініп постер қорғады.
2-тапсырма «Виртуалды шынайылықтың, кеңейтілген шынайылықтың қолдану саласын жазу» бойынша жұптық жұмыс беріліп, нәтижесі берілген кестеге толтырылды.
3-тапсырмада әр оқушыға жеке жұмыс Blender бағдарламасында «Стол» жасау берілді. Оқушылар жеке компьютерлерге отырып, практикалық жұмыс жасап, көрсетіп берді.
4-тапсырмада виртуалды көзілдірікпен виртуалды әлемге саяхат жасалды, саяхат соңында әр оқушы өз ойларын ортаға салып, тіпті басқа әлемге саяхат жасағандай кейіпте болғандарын айтты. Оқушылар, виртуалды және кеңейтілген шынайылықты ажырата алады. Виртуалды және кеңейтілген шынайлықты ажырата отырып, олардың қолдану салаларын түсіндіре алады. Виртуалды және кеңейтілген шындықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айта алады. Сабақтың соңында "Екіжұлдыз, бір ұсыныс" беріліп, топ арасындағы бағалау, өзін-өзі бағалау негізінде қорытыланды.