Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
28
декабрь
2018
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
2018 жылдың 26 желтоқсан күні 9,10,11 сыныптардың "Жаңа жыл - 2019" атты мерекелік кеш өтті.Жаңа жылдың символына айналған әдемі безендірілген шырша мерекелік кештің ажарын аша түсті. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты. 
«Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті.
22
декабрь
2018
«Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті.
№178 лицейде «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өткізілді. Оқушылар жасыл шырша жанына жиналып, шыршаны айнала көңілді әндер шырқады. Аяз ата мен Ақшақарды асыға күткен оқушылар өнерлерін көрсетіп, Аяз атаның сыйлықтарын алып қуанышқа бөленді.
«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты»
15
декабрь
2018
«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты»
Алатау ауданы №178 лицейде 15.12.2018ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті. Мақсаты: тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.
Аягүл Миразованың педагогтық тұлғасын оқушыларға таныту мақсатында тәрбие сағаттар өтті.
04
декабрь
2018
Аягүл Миразованың педагогтық тұлғасын оқушыларға таныту мақсатында
Қазақстан Республикасының білім саласына ерен еңбегі сіңген, өмір жолы мен ұстаздық жолында өзіндік даралығы бар құрметті ұстаз, «Алаштың Аягүлі» атанған тұңғыш Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованың педагогтық тұлғасын оқушыларға таныту мақсатында №178 лицейде «Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет» атты тәрбие сағаттары өтті.
Волейболдан лицейішілік жарыс өтті.
03
декабрь
2018
Волейболдан лицейішілік жарыс өтті.
Алатау ауданы №178 лицейде «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне» орай, жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен, дене шынықтыру пәні мұғалімі Есенбеков Мұхит Абдрашитұлының жетекшілігімен 10 сыныптар арасында волейболдан лицейішілік жарыс өтті. Нәтижесінде 10 «Б» сыныбы І орын, 10 «З» сыныбы ІІ орын, 10 «Ғ» сыныбы ІІІ орын иеленіп, кубоктармен марапатталды.  
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.
30
ноябрь
2018
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.
№178 лицейде ҚР Тұңғыш Президенті күнін тойлауға арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шарада оқушылар өнерлерін ортаға салып, қызықты кеш ұйымдастырып, өздерін басқа қырларынан жақсы көрсете білді. Бұл мерекенің маңызы өте жоғары. Себебі, елімізді қиын қыстау кезеңнен алып шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлт көшбасшысының еңбегі ерен. Оны өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауымыз керек!
«Ұлы даланың Жеті қыры» атты Елбасының мақаласы талқыланды.
30
ноябрь
2018
«Ұлы даланың Жеті қыры» атты Елбасының мақаласы талқыланды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Осыған орай №178 лицейде мұғалімдерінің қатысуымен талқылау өткізілді. Түптеп келгенде Елбасы нақтылап өткен Ұлы даланың Жеті қырының әрқайсысы әр қазақстандықтың өткеніне үңілуі, қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразасына салуын көздейді. Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, Ұлы даланың Жеті қыры ұлттық сананың оянуына,
«Президент мұражайына» саяхат
29
ноябрь
2018
«Президент мұражайына» саяхат
Тұңғыш Президент күніне орай №178 лицей оқушылары мен Алатау ауданы мектептерінің оқушылары 29,30 қараша күндері №178 лицейде 2012 жылы ашылған «Президент мұражайына» саяхат жасап, көрме тамашалап президенттің өмір жолымен танысты.
«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсы өз жұмысын бастады.
29
ноябрь
2018
«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсы өз
Лицейімізде 19 қарашадан бастап Курсты жүргізуші тренер Айдарова Айдана Берікқызы. Педагог кадрлардың кәсіби даму курсының оқу үдерісін реттеудегі рөлі зор. Курс Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерін зерделеуге бағытталған. Курстың мақсаты: Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу. Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерінің әрбір сатысын зерделеу. Нәтижесінде, мұғалімдер өз
«Алатау ауданына – 10 жыл» толуына орай 03 қараша күні №178 лицейде      8 сыныптар арасында футбол ойынан жарыс өтті.
05
ноябрь
2018
«Алатау ауданына – 10 жыл» толуына орай 03 қараша күні №178 лицейде
« Алатау ауданына – 10 жыл» толуына орай 03 қараша күні №178 лицейде 8 сыныптар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Нәтижесінде І орын - 8 «Г» сыныбы, ІІ орын – 8 «Д» сыныбы, ІІІ орын – 8 «Ғ» сыныбы иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясымен 8 «Б» сынып оқушысы Амреев Нұрали марапатталды.