Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы»
04
октябрь
2019
«Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы»
      Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел жастары» клубының белсенді оқушыларының ұйымдастыруымен  «Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы» атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді.       Мерекелік кешті лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханұлы құттықтау сөзімен ашып, барша ұстаздарды мерекелерімен құттықтады. Жалындаған оқушылар ұстаздар қауымына әсем әннен шашу шашып, күмбірлеген домбыраның үнін естіртіп, күй орындап, өлең оқып, мың бұралған бишілер де
«Ерте жүктіліктің ертеңі қауіпті»
04
октябрь
2019
«Ерте жүктіліктің ертеңі қауіпті»
     2019 жылдың 3 қазанында №29 қалалық емхананың акушер-гинекологы Л. М. Устемирова №178 лицейде 9 сынып  қыз балалары арасында «Ерте жүктілік», «Жеке гигиена» туралы семинар өтті.       Семинардың мақсаты - ерте жүктілік мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, қыздардың денсаулығын сақтау. Дәрігермен әңгіме ауқымды және ашық болды. Қыздар-жасөспірімдер өз пікірлерін айтты, сұрақтар қойды, семинарға белсенді қатысты, сондай-ақ көптеген жаңа және қажетті ақпаратты білді.Ерте жүктілік
Сейсмикалық жаттығулар
03
октябрь
2019
Сейсмикалық жаттығулар
2019 жылдың қазан айының 3 жұлдызында № 178 лицейде «Сейсмикалық жаттығу кезіндегі басшылық құрамының көмек және қызмет көрсету әрекеті» атты сейсмикалық жаттығулар өтті.  [media=https://youtu.be/SrXMQTy1EqM] [media=https://youtu.be/qeS_pNAhbgY] [media=https://youtu.be/bjUzUvr41ss]
«Құқықты бұзған әр оқушы, заң алдында жауап береді»
01
октябрь
2019
«Құқықты бұзған әр оқушы, заң алдында жауап береді»
     «Құқықты бұзған әр адам, заң алдында жауап береді» деген атпен лицей төңірегінде жоғары сыныптардың ер балалары арасында биылғы оқу жылының алғашқы айындағы жасаған жұмыстары баяндалып, оқушылармен жиналыс өткізілді.       Жиналысты лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан жүргізді. Қозғалған маңызды мәселелер оқушы тәртібі, лицейдің ішкі тәртіп ережесі, бекітілген ережелерге бағыну, адам құқығы және ішкі тәртіптің ережесін бұзған оқушыларға арнайы жеке шара қолдану жұмыстары түсіндірілді.
Онлайн сабақ
01
октябрь
2019
Онлайн сабақ
2019 жылдың қазан айының 1 жұлдызында 11 сынып оқушыларына "Алғашқы әскери дайынық" кабинетінде Алматы қаласының Ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен "Бірінші көмек. Қателіктер мен жаңылысулар" тақырыбы бойынша онлайн сабақ өтті.
«Ардагерлерді ардақтайық»
30
сентябрь
2019
«Ардагерлерді ардақтайық»
     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» атты акциясын №178 лицей оқушылары қолдап, арнайы қабырға газетін дайындады. Қабырға газетіне оқушылар Тұңғыш Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»  мақаласын негізге ала отырып жазған болатын. Сондай-ақ лицей белсенділері ардагерлерді ардақтау мақсатында «Мейірімділік жарқын болашақ» деген атпен сурет салып, қабырға газетінің шырайын келтірді.       Бұл акция 1 қазан қарттар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты еліміздегі
Қала күні баршамызға құтты болсын!
28
сентябрь
2019
Қала күні баршамызға құтты болсын!
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицей оқушылары атынан,  қала күніне орай арнайы флешмоб жасап, барша Алматы қаласының тұрғындары  мен қала қонақтарын қала күнімен құттықтаймыз!  Ару қала Алматымыз күн сайын өркендеп, көркейіп, дами берсін.  Алматы – жастардың, білім мен ғылымның, шығармашылықтың, мәдениеттің қаласы.  Қала күні баршамызға құтты болсын!
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
28
сентябрь
2019
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
Мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар! Сіздерді алда келе жатқан  төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!  Жұмыстарыңызға жеміс,отбасыларыңызға амандық тілейміз. Білім нәрімен шәкірттерін ізгілікке, әдептілікке шақыратын ұстаздардың абыройы асқақ болсын. «Тәрбиесіз берілген білім, Адамзаттың қас жауы» деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай. Тәрбие мен білімді бір арнада тоғыстыра білетін шәкірттеріміз көп болсын.
Сейсможаттығу
25
сентябрь
2019
Сейсможаттығу
     № 178 лицейде 2019 жылдың 23 жұлдызында лицей қызметкерлері арасында "Жер сілкінісі кезіндегі қызметкеткерлердің іс-әрекеті мен оларды қауіпсіз орынға апару" атты сейсможаттығулар өткізілді.
«Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» атты семинар- тренинг
24
сентябрь
2019
«Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» атты семинар- тренинг
23.09.2019ж №178 лицей психологы Ағажанова Жанна 11- сыныптар арасында «Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» атты семинар- тренинг өткізді. Семинар- тренингтің мақсаты: • түлектердің болашақ мамандық таңдауда адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; • кәсіби бағдар беру; • түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Семинар- тренинг кезеңінде