Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ата-ана мен бала арасындағы болашаққа сенімділіктерін арттыру" тақырыбында тренинг өтті
13
ноябрь
2020
"Ата-ана мен бала арасындағы болашаққа сенімділіктерін арттыру"
2020 жылдың 12 қараша күні "Ата-ана мен бала арасындағы болашаққа сенімділіктерін арттыру" тақырыбында лицей психологі Жанна Агажанова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Дуйсенбекова  және әлеуметтік педагог Шолпан Шойынбаева көп балалы ата-аналарға Zoom сессия залы арқылы тренинг өткізді. Мақсаты: ҰБТ-ге психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Тренинг барысында жапондық зерттеуші Масару Эмотоның шағын лабораториялық зерттеуі ұсынылды.
№2 Педагогикалық кеңес «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық  білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері»
11
ноябрь
2020
№2 Педагогикалық кеңес «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды
№178 лицей жұмыс жоспарына сәйкес  2020 жылдың 11-қараша күні «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті. «Қашықтық оқыту жағдайындағы заманауи сандық технологияларды оқыту мен оқу жүйесінде қолданудың артықшылықтары» атты баяндаманы информатика пәні мұғалімі Бесенбекова Ләйлім жасады.  Қашықтықтан оқыту форматында оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында
Үйірме жұмыстары: Робототехника
11
ноябрь
2020
Үйірме жұмыстары: Робототехника
2020 жылдың 11 қараша күні №178 лицейдің Робототехника үйірмесінің жетекшілері  Ахметов Бегали Токбергенович пен Рахатов Дастан Тулеубекович 6 сыныптарға Робокон жарыстарына арналған роботтар корпусын модельдеу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.  Мақсаты: оқушыларды Тinkercad веб-платформасында 3D модельдеу негіздерін үйрету.  
"Мақтанышым  - Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында мәнерлеп өлең оқудан байқау
10
ноябрь
2020
"Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында мәнерлеп өлең оқудан
Оқушылардың күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында лицейімізде онлайн режимде 5-6 сынып оқушылары арасында "Мақтанышым  - Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында  мәнерлеп өлең оқудан байқау өткізілді.  Жүлделі орындарға ие болған оқушылар: Бас жүлде  - Жалғасбек Ару  5 "Б" сынып оқушысы І орын  - Абылай Бейбарыс  5  "А" сынып,  Құлшынбаева Раянна 6 "Ғ" сынып оқушысы ІІ орын  - Әлібек Айтолқын 5 "Е",  Әлімжан Мөлдір 5 "Ғ" сынып оқушысы Кәлменұлы Омар 5"Е" сынып оқушысы ІІІ орын  - Баяш Аяла  5 "Ә"
"Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында тренинг өтті
10
ноябрь
2020
"Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында тренинг өтті
2020 жылдың 10 қараша күні №178 лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен, "Адал ұрпақ" еріктілер лицей клубының жетекшісі А.Хамза 5-9 сынып оқушыларына "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, патриоттық тәрбиеге баулу.      
Ғылыми жобалардың On-line тыңдалымы
10
ноябрь
2020
Ғылыми жобалардың On-line тыңдалымы
2020 жылдың 10 қараша күні  “ДАРЫН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «Дарын» ғылыми жобасының «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» бағыты бойынша “Zoom”  платформасында  лицейішілік On-line тыңдалым болды. Жұмыстың мақсаты: әрбір оқушының интеллектуалдық, рухани және шығармашылық мүмкіншілігін жүзеге асыру, жағымды жағдай жасау, оқушылардың дарындылығын дамыту, анықтау және кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын
«Дарындар әлемі!» атты би байқауы
10
ноябрь
2020
«Дарындар әлемі!» атты би байқауы
№178 лицейде қашықтықтан "Қазақстан балалары - күзгі интерактив!" атты  2020-2021 оқу жылында күзгі каникул кезінде балалардың демалысын , бос уақытын  ұйымдастыру   жоспарының Эстетикалық бағыты бойынша «Дарындар әлемі!»   атты би өнерін серік еткен өнерлі оқушыларды  насихаттауға бағытталған, музыка пәнінің мұғалімі Ляззат Тургумбаеваның ұйымдастыруымен , 5 "Б" сынып жетекшісі Ханасилова Сабина, 9 «Е» сынып жетекшісі Битимбаева Жанардың үйлестіруімен талапқа сай өткізілді. 
«Дарындар әлемі!» атты ән байқауы
10
ноябрь
2020
«Дарындар әлемі!» атты ән байқауы
№178 лицейде қашықтықтан "Қазақстан балалары - күзгі интерактив!" атты  2020-2021 оқу жылында күзгі каникул кезінде балалардың демалысын , бос уақытын  ұйымдастыру   жоспарының Эстетикалық бағыты бойынша «Дарындар әлемі!» атты ән өнерін серік еткен өнерлі оқушыларды  насихаттауға бағытталған, музыка пәнінің мұғалімі Гүлшат Асанованың ұйымдастыруымен , 8 «А» сынып жетекшісі Аметова Сәуле, 5 "Е" сынып жетекшісі Орынқұл Илтефат, 5 «Ғ» сынып жетекшісі Сәтбаева Розаның үйлестіруімен талапқа сай
"Қазақстан - менің Отаным" балалар суреттерінің онлайн көрмесі
09
ноябрь
2020
"Қазақстан - менің Отаным" балалар суреттерінің онлайн көрмесі
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың демалысын ұйымдастыру мақсатында "Қазақстан балалары - күзгі интерактив!" лицейішілік жоспарына сәйкес "Қазақстан - менің Отаным" балалар суреттерінің онлайн көрмесіне қатысқан 5-8 сынып оқушыларының жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз!  
Танымал шахматшымен кездесу
06
ноябрь
2020
Танымал шахматшымен кездесу
Оқушылардың күзгі демалысын және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында  танымал шахматшы, шахматтан халықаралық шебер, Қазақстан Республикасының чемпионы, ABCHESS шахмат мектебінің және оқыту платформасының негізін қалаушы Аккозов Берик мырзамен онлайн кездесу өтті. Кездесуге №178 лицейдің 5-6 сынып оқушылары қатысты.