Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
20
март
2019
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 20 наурыз күні Алматы қаласы білім басқармасы "Almaty" виртуалды бөлмесінде онлайн тәртібінде Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ортылығы және басқа мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен өткен жалпықалалық ата-аналар жиналысына №178 лицейдің 6-7 сынып оқушыларының ата - аналары қатысты.
«8 наурыз – халықаралық әйелдер күні»
07
март
2019
«8 наурыз – халықаралық әйелдер күні»
2019 жылдың 07 наурыз күні № 178 лицейде «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне мерекелік іс-шара өткізілді.     «Аяулы аналар, арулар! Тіршіліктің тірегі қашанда әйел-ана болған. Ақылына көркі сай келіп, батырлығымен, ізгі бейнесімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған, тарихта із қалдырған қазақ қыздары көп. Солардың жолын сіздер жалғап келесіздер. Мейірімділік, адамгершілік,
"Fashion day - 2019"
06
март
2019
"Fashion day - 2019"
Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру және АӘД кафедрасының "Өнері мен спорты дамыған елдің - өрісі кең" атты онкүндігі өтуіне орай технология пәнінің мұғалімі Мұса Жанеркенің ұйымдастыруымен "Fashion day - 2019" сән көрсетілімі өтті.Көрсетілім мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа баулу, заман талабына сай сән үлгісімен киім тігіп үйрету.
«Физика, математика және информатика» пәнінен қалалық пәндік олимпиада
05
март
2019
«Физика, математика және информатика» пәнінен қалалық пәндік олимпиада
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында өткен Жалпы білім беру факультетінің «Физика, математика және информатика» пәнінен қалалық пәндік олимпиадасына қатысқан №178 лицей оқушылары Қайрат Индира мен Ратбекұлы Жалғас ІІІ дәрежелі дипломмен, Сұраншы Әйгерім белсенді қатысқаны үшін мараппаталды. Сонымен қатар, жетекшілері Слямгалиева Гульнар Набиевна мен Турсын Калбия оқушыларды белсенді дайындағандары үшін алғыс хатпен марапатталды.
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы
04
март
2019
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу
2019 жылғы 1-3 наурыз аралығында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының IX халықаралық конкурсына №178 лицейдің 11 сынып оқушылары қатысып,  1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сейсмикалық жаттығу
01
март
2019
Сейсмикалық жаттығу
1 наурыз 2019 жылы "1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне" орай №178 лицейде жер сілкінісі болған жағдайда басшылық құрамының оқушыларды ғимараттан қауіпсіз жерге қалай дұрыс алып шығуға болатындығы туралы жер сілкінісіне бағытталған сейсмикалық жаттығу жүргізілді.
"Біздің міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
01
март
2019
"Біздің міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
2019 жылдың 1 наурыз күні Қазақстар Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер бекіткен "Біздің міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай №178 лицейдің 10 сынып оқушылары Алатау аудандық №15 өрт сөндіру бөлімшесіне барып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шарттары жайлы ақпарат алып қайтты.
"1 наурыз - Алғыс айту күні"
01
март
2019
"1 наурыз - Алғыс айту күні"
№178 лицей оқушылары ұстаздарды "1 наурыз - Алғыс айту күнімен" құттықтап, көрсеткен қамқорлықтары мен аялы алақан, жылы лебіздері үшін бас иіп, ашық хаттар таратып, рахметтерін айтты. Мерейлі мерекеде дендеріне саулық, отбасыларына амандық, істеріне сəттілік тіледі.
"Ризашылық" атты сынып сағаты
27
февраль
2019
"Ризашылық" атты сынып сағаты
№178 лицейде 1 наурыз - «Алғыс айту» күніне орай, «Ризашылық» атты сынып сағаттары өтті. Оқушылардың ұлттар татулығы, достығы туралы ойлары, дархан еліміздің ұлттардың небір ауыртпалық туған кезеңдерде бір-біріне көмек қолын созған кең пейілдігі туралы әңгімелері әсерлі болды.