Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қала күні баршамызға құтты болсын!
28
сентябрь
2019
Қала күні баршамызға құтты болсын!
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицей оқушылары атынан,  қала күніне орай арнайы флешмоб жасап, барша Алматы қаласының тұрғындары  мен қала қонақтарын қала күнімен құттықтаймыз!  Ару қала Алматымыз күн сайын өркендеп, көркейіп, дами берсін.  Алматы – жастардың, білім мен ғылымның, шығармашылықтың, мәдениеттің қаласы.  Қала күні баршамызға құтты болсын!
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
28
сентябрь
2019
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
Мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар! Сіздерді алда келе жатқан  төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!  Жұмыстарыңызға жеміс,отбасыларыңызға амандық тілейміз. Білім нәрімен шәкірттерін ізгілікке, әдептілікке шақыратын ұстаздардың абыройы асқақ болсын. «Тәрбиесіз берілген білім, Адамзаттың қас жауы» деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай. Тәрбие мен білімді бір арнада тоғыстыра білетін шәкірттеріміз көп болсын.
«Ұстаз деген ұлағатқа бас идік ...»
27
сентябрь
2019
«Ұстаз деген ұлағатқа бас идік ...»
              №178 лицей оқушыларының ұстаздар күніне арналған құттықтау-тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.      Құрметті ұстаздар! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз.      Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
«Отбасы - тәрбиенің  басты діңгегі»
27
сентябрь
2019
«Отбасы - тәрбиенің басты діңгегі»
       Елбасының жарлығымен бекітілген мереке аясында 27 қыркүйек 2019 жылы  «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде түрлі шаралар өткізу дәстүрге айналған. Өйткені, отбасы құндылықтарын келешек ұрпаққа жеткізу қазіргі қоғамда аса қажетті екені баршаға аян. Әкені сыйлау, ананы құрметтеу, балаға лайықты тәрбие беру, бір сөзбен айтқанда шағын мемлекет саналатын жанұя тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Осыған орай лицейімізде «Отбасы - тәрбиенің  басты діңгегі» атты ата- аналар
Сейсможаттығу
25
сентябрь
2019
Сейсможаттығу
     № 178 лицейде 2019 жылдың 23 жұлдызында лицей қызметкерлері арасында "Жер сілкінісі кезіндегі қызметкеткерлердің іс-әрекеті мен оларды қауіпсіз орынға апару" атты сейсможаттығулар өткізілді.
Тілдер мерекесі
21
сентябрь
2019
Тілдер мерекесі
     Тілдер мерекесі – еліміздің азаматтарының бірлігі, достықтың белгісі. Халықтар достастығы, өзара келісушілігі және бірлесуі – жаңа Қазақстан құрудың негізгі арқауы.      Алматы қаласы №178 лицейінде  Тілдер мерекесіне орай «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ  ҚҰРМЕТ» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты болды.  Ашылу салтанатында оқушылардың  қазақ, орыс, ағылшын, қытай  тілдерінде  мәнерлеп оқыған  түрлі өлеңдері  ерекше көрініс тапты. Мереке барысында оқушылар күмбірлете күй шертіп,  ән, биден
«Ана тілім – ардағым»
21
сентябрь
2019
«Ана тілім – ардағым»
         Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде тілдер мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым» тақырыбының негізінде өткізілген мерекелік кешке филология ғылымдарының докторы, профессор Асылы Осман келді.           Тіл – бір ұлттың, тұтастай халықтың, тәуелсіздік тарихының маңызды құралы болып саналады. Осы бағытта лицейде тіл жанашыры Асылы Әлиқызын құрметті қонақ ретінде шақырып, тіл жанашыры кездесуге арқау болған тақырыптың төңірегінде маңызды әңгімелерді қозғап, оқушыларға
«Birinshi Jastar Oiyndary»
20
сентябрь
2019
«Birinshi Jastar Oiyndary»
          2019 жылы 14 қыркүйек күні №178 лицей кешенінің спорт залында,  Әлеуметтік «Birinshi Jastar Oiyndary» жобасының негізінде Алатау ауданы бойынша жасөспірімдер арасында футзалдан іріктеу жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы футзал жарысына Алатау аданының жалпы білім беру мектептерінен 15 команда қатысты. Атап айтсақ №26, №41, №149, №151, №152, №154, №156, №164, №169, №171, №178, №179, №181, №185, №196 мектептер арасындағы тартысты кездесулерден №171, №152, №178, №179 мектептер
Онлайн вебинар
20
сентябрь
2019
Онлайн вебинар
     №178 лицейде 2019 жылдың 20 жұлдызында  сағат 11.00-де АӘ және ТД пәні кабинетінде Алматы қаласы Төтенше Жағдай департаментінің қызметкерінің қатысуымен төтенше жағдай кезінде "Алғашқы көмек. Қателіктер мен адасу және Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу" тақырыбы бойынша онлайн вебинар өтті. Вебинарға 11 е сыныбының оқушылары қатысты.
«Абайлаңыз балалар»
18
сентябрь
2019
«Абайлаңыз балалар»
       «Абайлаңыз балалар» атты тақырыпта лицей оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.                     Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде  5-8 сынып аралығындағы оқушыларға «Абайлаңыз балалар» атты тақырыпта аудан инспекторымен жол жүру ережесіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпарттар жеткізілді.           Алатау ауданы КІЖҚ аға лейтенанты Бапанов Абылайхан лицей ішіндегі жол қауіпсіздік ережелері