Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
10
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
2021 жылдың 10 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында Усентаева Бағлан 9 «З» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері. Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың оқылым, жазылым дағдыларын дамыта түсу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқу мақсатына қол жеткізді. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
10
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
2021 жылдың 10 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл   7 "Ғ" сыныбында "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, сандық білім беру ресурстары ұтымды қолданылды. Оқушылар сессия залдарында топтық жұмыстар жасады. "Крест-нөл" әдісі, кластер құру, "google" формада құрастырылған тапсырмалар орындады. Оқушылармен кері байланыс жасалды.
"АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНАМЫЗ" эстафетасы
10
февраль
2021
"АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНАМЫЗ" эстафетасы
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде  "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты апталықтың іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2021 жылдың 10 ақпан күні  "АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНАМЫЗ" тақырыбында 5-11 сыныптар арасында эстафета өткізілді. [media=https://youtu.be/sSP5-8hPBJc]
"Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлерін ардақтайық" тақырыбында өткен  танымдық сабақ
09
февраль
2021
"Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлерін ардақтайық" тақырыбында
№178 мамандандырылған лицейде  Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлердің еңбектерімен таныстыру мақсатында тарих пəнінің мұғалімі Ибрагимова Ұлту "Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагерлерін ардақтайық" тақырыбында 8 сыныптар арасында  танымдық сабақ өткізді. 
"Бейбітшілік үшін күрескен ержүрек батырлар" тақырыбында өткен ашық сабақ
09
февраль
2021
"Бейбітшілік үшін күрескен ержүрек батырлар" тақырыбында өткен ашық
 №178 мамандандырылған лицейде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің ерлік істерін ұлықтау мақсатында тарих пəнінің мұғалімі Темирова Гүлназ 7 "Б" сыныбында "Бейбітшілік үшін күрескен ержүрек батырлар" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесулер
09
февраль
2021
"Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесулер
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицей қашықтық оқыту жағдайында балаларды тәрбиелеу мәселелерінде, "лицей – бала – ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында апта сайын "Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесулерін өткізеді. 
"Бейбітшілігіміз үшін күрескен қаһармандарымыз" тақырыбында өткен дөңгелек үстел
09
февраль
2021
"Бейбітшілігіміз үшін күрескен қаһармандарымыз" тақырыбында өткен
№178 мамандандырылған лицейде тарих пәнінің мұғалімі Шынасыл Ғалымжан Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді құрметтеу мақсатында 9,10 сынып оқушыларымен "Бейбітшілігіміз үшін күрескен қаһармандарымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық аясында өткен ашық  сабақ
09
февраль
2021
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық
№178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталықтың іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2021 жылыдың 9 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі  Кошаметова Мнаим «Адами қарым-қатынастар әлемі» тақырыбындағы  5 «В» сыныбымен ашық сабақ өткізді.   Мақсаты: Оқушыларға ізгі қарым-қатынастың мәнін түсіндіре отырып, кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
09
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева Мая Кыпшаковна 6 “Д“ сыныбында қазақ тілі пәнінен “Олимпиада ойындары” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім онлайн өткізілген сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер ұсына білді.
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл
09
февраль
2021
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл
Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. #ҚазақстанТәуелсіздігіне30жыл