05
май
2026
Әділдік пен адалдықтың жеңісі!
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық ғылыми-әдістемелік жаңа технологиялар орталығы ұйымдастырған «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосқан үлесім» («Мой вклад в борьбу с коррупцией») атты қалалық эссе байқауында лицейіміздің білікті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары нәтиже көрсетті! І орын — Ноғайбаева Жанат Ескермесовна!
Терең ой, айқын азаматтық ұстаным және шығармашылық көзқарас — бұл жеңістің басты кілті! Жанат Ескермесовна, Сіздің кәсібилігіңіз бен еңбегіңіз – шәкірттерге ғана емес, баршаға үлгі! Еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, шабыт пен табыс серігіңіз болсын