28
апрель
2026
Бастауыш білім – болашақтың берік іргетасы!
Бастауыш мектеп – оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен математикалық ойлауын қалыптастыратын маңызды кезең. Осы бағытта педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи әдістемелерді енгізу және білім беру сапасын жетілдіру – бүгінгі күннің басты талабы. 2026 жылғы 27–29 сәуір аралығында Алматы қаласында, №178 мамандандырылған лицей базасында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты:
Педагогтердің пәндік-әдістемелік құзыреттілігін дамыту
Күрделі математикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын жетілдіру
Командалық жұмыс пен логикалық ойлауды нығайту
Қатысушылар өз білімдерін шыңдап қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен шабыттанды! Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан және қатысушылардан зор қолдау мен оң бағасын алды.




