15
апрель
2026
Жас дарынның биігі: республикалық олимпиададағы жетістік
9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан асқақтатты.
Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өзінің терең білімі мен шығармашылық қабілетін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, республикалық деңгейдегі озық білімі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мақтау қағазымен марапатталды.
Бұл марапат — ұзақ жылғы ізденістің, ұстаз еңбегі мен шәкірт талабының жарқын көрінісі. Аяжанды үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Сөз маржанын терген жас дарынның болашағы бұдан да жарық боларына сеніміміз мол!
