10
март
2026
SDU университетімен меморандум аясындағы кәсіптік бағдар беру кездесуі
2026 жылғы 11 наурызда SDU университетінің кәсіптік бағдар берушісі Омарбек Көшкінбайұлы лицейдің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдауға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, алдағы ҰБТ-ға дайындыққа мотивация беру және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.
Аталған кездесу лицей мен SDU университеті арасында жасалған меморандум аясында ұйымдастырылды.
