«Таза жер – жарқын болашақ» макет жарысы
№178 мамандандырылған лицей (Алматы қаласы, Алатау ауданы) 5–6 сынып оқушылары арасында «Таза жер – жарқын болашақ» тақырыбында жаратылыстану пәнінен макет жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараны география пәнінің мұғалімі Балкиянова Майгуль Мерекеновна өткізді.
Жарыстың мақсаты – оқушылардың табиғатты қорғау бағытындағы шығармашылық идеяларын дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сайыс барысында қатысушылар өз макеттерін таныстырып, идеяларын қорғап, экологиялық мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Әділқазылар шешімімен үздік жобалар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Аталған іс-шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жас экологтардың белсенділігін шыңдауға бағытталған тағылымды шара болды.