Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Оқу және математикалық сауаттылық: тиімді коллаборация” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
12
февраль
2026

“Оқу және математикалық сауаттылық: тиімді коллаборация” тақырыбында интеллектуалдық сайыс

12.02.2026 ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті Онкүндігі аясында “Оқу және математикалық сауаттылық: тиімді коллаборация” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:  Б.Т.Ертуганова, Т.А. Оразалиева, Р.С. Сатбаева, С.К. Аметованың ұйымдастыруымен  10-сынып оқушылары арасында зияткерлік алаң форматында интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың оқу сауаттылығы мен математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білім мен логиканы ұштастыру. Оқушылар сайысқа жоғары белсенділік танытып, тиімді коллаборация арқылы өз білімдерін ортаға салды. Әр команда ұйымшылдық пен тапқырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Қатысушылар білімдерін шыңдап қана қоймай, бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын түсінді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: