11
февраль
2026
"Сөзден сурет: ұлттық код және цифрлық әлем" тақырыбында ерекше шығармашылық көрме
11.02.2026 ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының Онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Б.А.Усентаева, А.А. Ауелбекова, Т.А.Оразалиева, Н.Б. Женсикбаева, Р.С.Сатбаеваның ұйымдастыруымен "Сөзден сурет: ұлттық код және цифрлық әлем" тақырыбында ерекше шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 9-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақ әдебиеті сабағында оқылған әңгімелер желісі негізінде өздерінің шығармашылық туындыларын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әдеби шығармаларды заманауи көзқараспен жаңаша бейнелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұлттық код пен цифрлық әлем үндескен бұл көрме жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды жаңа форматта танытуға мүмкіндік берді.
