06
октябрь
2025
Кітап – жан азығы
Бүгін лицейіміздің 8”Б”сынып оқушылары «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханаға барып, білім мен руханиятқа толы ерекше саяхат жасап қайтты!
Кітапхана ішінде балалар түрлі әдебиеттермен танысып, кітап оқу мәдениеті мен кітапхана жұмысымен етене танысты. Бұл кездесуде олардың оқуға деген қызығушылығы мен білімге құштарлығы арта түсті.
«Балалар кітапханасы» жобасы – жас буынның кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, зерделі оқырман қалыптастырудың тамаша бастамасы. Мұндай іс-шаралар оқушыларды кітаппен дос болуға, таным көкжиегін кеңейтуге және өздігінен ізденуге баулиды. Кітап – болашаққа ашылған есік. Ал сол есікті ашу – бүгіннен басталады!