Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
17
октябрь
2019

Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты

     Алматы қаласының Цифрландыру бағдарламасын іске асыру  мақсатында  қалалық Цифрландыру департаментінің басшысы Б. Қоңырбаев пен   Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры А. Дупик   №178 лицейдің заманауи үлгідегі  робототехника бөлмесін көруге келді.
    Лицейге келген қонақтар оқу бөлмесіндегі пайдаланылатын  «Arduino», «Lego Mindstormes EV3» және  т.б. құрал-жабдықтардың сапасына ерекше мән беріп, ондағы атқарылып отырған жұмыстарына риза болып, өздерінің оң бағаларын берді. 
     Бұлардан бөлек лицейімізде барлық сыныптар компьютерлер мен  WI-FI жүйесі  100% қызметкерлердің игілігі үшін  қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді.
     Сондай-ақ алдағы уақытта  лицейдегі осы саланың мұғалімдері оңтайлы жұмыстар атқарып, жетістіктерге жетеміз деп сенім білдірді. Сонымен қатар мәртебелі қонақтар осы бағытта бірнеше мәрте республикалық және халықаралық жарыстарда жетістіктерге жеткен  оқушыларды құттықтап, оларға ризашылығын білдіріп, барша лицей ұжымдарына дәл осылай қарқынды абыройлы жұмыс атқара беріңіздер деп, сәттілік тіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: