24
январь
2025
«Заманауи мектептерде цифрлық білім беруді дамыту және жетілдіру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2025 жылғы 23–24 қаңтар күндері Алматы қаласы Білім басқармасы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және №178 мамандандырылған лицейінің бірлесуімен лицей базасында «Заманауи мектептерде цифрлық білім беруді дамыту және жетілдіру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, Конференцияға 115- тен аса конференция қонақтары атап айтқанда, шетелдік және отандық сарапшылар, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп басшылары, мұғалімдер мен білім беру саласының мамандары қатысты. Қатысушылар озық тәжірибелері және ұлттық тәрбиенің жаңашыл тенденциялары мен заманауи білім берудің өзекті мәселелерін қарастырып жүрген педагогикалық қызметкерлер.