07
февраль
2025
Терроризмге осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру
Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу - мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерінің міндеті. Осы орайда, №178 мамандандырылған лицейдің ұжымына Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері, аға лейтенант Абуталипов Бектур Багдатович "Терроризмге осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру" тақырыбында дәріс оқыды.